Кейбір қырғызстандықтарға Ресейде жұмыс істеп, айына 4000 доллар ақша табу жайлы ұсыныс керемет тартымды көрінетіні соншалық, тіпті одан бас тарту да қиын. Алайда "жан қинамай жұмыс істеп, мол ақшаға кенелесің" деген уәде шын мәнінде шетелдіктерді есірткі бизнесіне тарту құралы ретінде қолданылады.